2017 жылдың 6 айында бюджеттің барлық деңгейлерінде кірістердің өсуі тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Квазимемлекеттік сектор субъектілердің сатып алуларын реттеуді көздейтін заң жобасы күнде Парламент қарауына енгізіледі.
None
None

 Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Есепті кезеңде бюджеттің барлық деңгейлерінде кірістердің өсу қарқыны  тіркелді. Мемлекеттік бюджет 11, республикалық бюджет 8, жергілікті бюджет 17 процентке артты. Шығыстар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5 трлн теңгеге өсті. Бұл көрсеткіш 2010 жылғы бюджеттің көлемінен 200 млрд  теңгеге артық», - деді ол. 

Б.Шолпанқұловтың айтуынша, республиканың қор нарығын қолдау мақсатында бюджет тапшылығын  қаржыландыруға ішкі ресурстар тартылған. Банк секторын сауықтандыру шаралары жүргізілді.

«Негізгі макрокөрсеткіштердің тұрақсыздығы  жағдайында қаржы жылының соңына дейін министрліктің басты  міндеті бюджет шығындарын уақтылы қаржыландыру болып табылады. Бұл үшін  біз салықтық түсімдердің динамикасын күн сайын қадағалайтын боламыз. Әкімшілермен бірлесіп бюджет қаражатының игерілуіне онлайн мониторингті жалғастырамыз. Құрылыс саласындағы келісімшарттарды қазынашылық сүйемелдеу және кірістерді көбейту үшін мемлекеттік қаржыны жаңғырту жобаларымен жұмыс жалғасады. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Парламентке квазимемлекеттік сектор субъектілерді сатып алуларды реттеу мәселесі бойынша заң жобасын енгіземіз», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар