2017 жылдың І тоқсанында қазақстандық автоөнеркәсіп кәсіпорындары 3,4 мыңнан аса автокөлік шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі жылдық сатылым мен өндірістің құлдырауына қарамастан, 2017 жылғы І тоқсанның қорытындысы жақсы жаңалықтарға толы. Елімізде автомобильдерді шығару көрсеткіші қатарынан үшінші ай бойы өсуде. Өз кезегінде сатылымдар екі тоқсан бойы өсім көрсетуде.
Егер бір жыл бұрын сатып алушылардың 19 % қазавтопромның ұсыныстарын таңдаған болса, бүгін елде сатып алынатын әр үшінші автомобиль қазақстандық деп батыл айтуға болады. Сонымен қатар, жылдың басынан бері «АЗИЯАВТО» зауытының арқасында өндірістің 7 % Қытайға экспорт ретінде өткізілді. 2016 жылы Қырғызстан мен Түркменстан нарығына шыққан «Қазақстанда жасалған» жол талғамайтын автокөліктер талғамы жоғары көршілерді, яғни Қытай азаматтарын тәнті еткен болатын. Себебі автокөліктер сапалы, жол талғамайды әрі арзан. Зауыт механиктерінің сөзіне сүйінсек, қытайлық тұтынушылардың ықыласына бөленген «Нива» көлігінің анағұрлым ыңғайлы екенін айтады.
Республика аумағында есептік кезеңнің қорытындысы бойынша 16,4 млрд.теңге сомаға автокөлік құралдардың 3 405 бірлігі шығарылды. Олардың қатарында жеңіл, жүк көлігі, автобус және арнайы техника бар. Осылайша, отандық автоөндірушілердің шығарылым көлемі өткен жылғы көрсеткішті 4 есеге (839 бірлік) арттырды.
Биыл жеңіл автомобильдерді шығару көлемі 3095 бірлік көрсеткішіне жетіп, 7 еседен асты. Былтыр бұл сан 428 бірлікті құраған болатын. Есесіне 2017 жылғы қаңтар-наурыз қорытындысы бойынша жүк автомобильдерін шығару (169 бірлік) өткен жылғы 31,6 % көрсеткішінен кеміді. Ал автобус техникасын өндіру көлемі - 27 бірлік, сол деңгейде сақталды.
2017 жылғы І тоқсанның қорытындысы бойынша қазақстандық құрастыруға үлкен талап қойылған жеңіл авто брендінің рейтингін LADA маркасы бастап келеді. Ол барлық сатылымның 50 пайызын құрап отыр, санмен өрнектесек, 1303 бірлік. Сондай-ақ, озық марканың бестігін KIA (379 бірлік), Hyundai (233 бірлік), Chevrolet (189 бірлік) және JAC (148 бірлік) құрады. Отандық кәсіпорындар ұсынған брендтер тізімін Skoda (43 бірлік), Ssang Yong (37 бірлік), Peugeot (16 бірлік), Geely (13 бірлік) және Toyota (3 бірлік) маркаларының автомобильдері толықтырды.
Жергілікті өндірістің жеңіл модельдерді сатудың бірінші үштігін LADA автомобильдері құрады: Lada 4x4 (599 бірлік), Lada Granta (332 бірлік), Lada Largus (159 бірлік). Төртінші жолды Lada Kalina және Hyundai Tucson бөлісуде (111 бірлік нәтижесімен). Аса танымал модельдердің ТОР-10 JAC S3 (106 бірлік), Chevrolet Cruze (98 бірлік), Hyundai Elantra (89 бірлік), KIA Sorento (80 бірлік), KIA Optima (70 бірлік) және LADA Xray (56 бірлік).
2017 жылғы І тоқсанның қорытындысы бойынша жеңілдік автонесиелер мемлекеттік бағдарламаның аясында 257 автомашина, немесе жергілікті құрастырудағы сатылған жеңіл автомобильдердің жалпы санынан 8,3 % сатылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан даму банкі 2017 жылдың 12-ші қаңтарына дейін, 4%-дық мөлшерлемемен автокредит алу үшін келген 8519 өтінішті қаржыландырған болатын. Осы ретте азаматтарға бөлінген қаржы 31 млрд теңгеден асты. Қазақстан автобизнес Ассоцияциясының мәліметінше, 2016 жылы ресми дилерлер 46 712 жаңа автокөліктерді сатыпты. Бұл 2015 жылға қарағанда екі есе аз (2015 жылы 97 469 автокөлік сатылды). Қазақстанда жасалған автокөліктердің сатылымдағы үлесі жыл соңында 26%-ды құрады (2015 жылы - 17%).