2017 жылдың тиімді валюталары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Bloomberg агенттігі 2017 жылдағы ең тиімді валюталар тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Агенттіктің зерттеуіне қарағанда, өтіп бара жатқан жыл ішіндегі ең тиімді валюта -

мозамбикс метикалы. Аталған валюта АҚШ долларына шаққанда 21% күшейген. Сондай-ақ, ең тиімді валюталар қатарына чех кронасы мен польяк злотый(+18%), сербиялық динар (+17,5%) кірген.

Аталған жыл ішінде өзбек сомы мен Конго, Сьерра-Леоне, Эфиопия және Нигерия сынды елдердің ұлттық валюталары 60% құнсызданған.

Bloomberg 2017 жылы криптовалюта иелері биткоинның 1500%-ке дейін өсуіне байланысты барынша табыс тапқанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар