2017 жылға қарай №2 Индустриялық паркі ашылады - А.Саябаев

«Бүгінде №1 Индустриялық паркінің аумағы 90 пайызға толтырылған деуге болады, инвесторлар біздің қаламызға үлкен қызығушылық танытуда, сондықтан №1 паркіне жақын жерде қала ішіндегі 433 гектар жерге Индустриялық паркін құру шешімі қабылданды. Біз 2017 жылға дейін бұл аймақтың пайдалануға берілетінін жоспарлап отырмыз. №2 индустриялық паркінің аумағына жаңа технологиялар, жаңа өндірістерді, соның ішінде жоғары қосылған құны бар өнімдерді шығаруға көмектесетін жоғары технологияларды тарту жоспарланып отыр. Бұдан басқа, бұл парк бүгінде №1 паркіне жетіспейтін қажетті басымдықтарға ие болады. Біз инвесторлар тек жеке өндірістерді құруға емес, сондай-ақ инфрақұрылымды салуға тартылатынын қарастырып отырмыз», - деді А.Саябаев.
Ол қазіргі кезде жаңа Индустриялық саябағының жоспары дайындалып, одан кейін техникалық-экономикалық негіздеме дайындалатынын және жобалық-сметалық құжаттама құрастырылатынын атап өтті.
«Екінші парктің аумағында біз 3000-нан кем болмайтын жұмыс орындарын құруды жоспарлап отырмыз. Инвесторларды тарту бойынша жұмысты қазірден бастап, 2017 жылға қарай үлестірілетін бос жер учаскелеріне инвесторлардың дайын пулымен келуді көздеп отырмыз», - деп қосып өтті А.Саябаев.