2017 жылға қарай «Қазақтелекомның» акционерлік құны 45 млрд. теңгеге артады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылға қарай «Қазақтелекомның» акционерлік құны 45 млрд. теңгеге артады. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация форумы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлім етті.

2017 жылға қарай «Қазақтелекомның» акционерлік құны 45 млрд. теңгеге артады

«Біз 2017 жылға қарай акционерлік құнымызды үштен бірге арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл 45 млрд. теңгені құрайды. Ал 2022 жылға қарай біз өзіміздің акционерлік құнымызды 2 есеге еселеуді межелеудеміз», - деді ол.

Қ,Есекеевтің сөзіне қарағанда, компаниядағы Трансформация бағдарламасы ағымдағы жылдың қаңтарында қолға алынған. Ол 4 бағыттан тұрады.

«Біріншісі - барлық отбасыға арналған супермаркет, екіншісі - компанияның ішкі тиімділігі, үшіншісі - интеграцияланған оператор құру, төртіншісі - біздің коммуникацияларымызға және ішкі қаржылық басқару тиімділігімізге қатысты мәселелер. Сондықтан, біздер үшін тронсформация - бұл болашаққа жаңа қадам, біздің барлық шығындарымызды екшеу», - деді басқарма төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда компания стратегиясының бағдарламасын McKinsey & Company әзірлеген.