2017 жылғы қаңтарда елімізде 61394 жеңіл автомобиль тіркелді
«2017 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасында 61394 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 26,6 пайызға артты. Қазақстан Республикасында 2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3840,8 мың бірлікті құрады»,- делінген хабарламада.
Сонымен қатар Статистика комитеті ақпаратына сәйкес 2017 жылы қаңтарда 1480 адам зардап шеккен 1046 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда орын алған апат саны 6,7 пайызға азайған.
2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 2,0 млрд теңге сомасына 6013 сақтандыру төлемін жүзеге асырылған.
2016 жылғы қаңтар 2017 қаңтар аралығы бойынша автомобильдердің ең көп тіркелуі қазан айында байқалды. 2017 жылғы қаңтарда тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,9 пайызға, ал 2016 жылғы қаңтармен салыстырғанда 26,6 пайызға артты.