2017 жылғы ЖОО-лардың үздік түлектері Самұрық Қазынада тағылымдамадан өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» қоры ұлттық компанияларда оқыту және ұзақмерзімді ақы төленетін тағылымдамадан өту үшін ЖОО-дан 20 түлек іріктейді. Бұл туралы Астанада ақпарат сессиясында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның адам ресурстары және коммуникация бойынша басқарушы директоры Ұлан Тәжібаев хабарлады.
None
None

Оларды іріктеу 2017 жылы сәуірде басталған «Жас өркен» екіжылдық бағдарламасы аясында өтеді. Бұл қордың дарынды жастарды тарту, іріктеу, тағылымдамадан өткізу, оқыту, дамыту бойынша бастамасы.

«Бағдарлама қордың Қазақстаның барлық ЖОО-лары  түлектерінің ішінен 20 түлекті, ҚР азаматтарын іріктеуді қарастырады. Сосын екі жыл ішінде өз компанияларында білім алады, тағылымдамадан өтеді. Талап - олар ҚР азаматы, биылғы түлек болуы тиіс. Негізгі талап - жастардың әлеуетінің жоғары болуы. Олардың көшбасшылық, талдау-ойлау жүйесі мықты дамығаны, алдына үлкен жоспар қойып, білім алуға қабілетті болуы талап етіледі», - деді «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеттің директоры Гүлмира Раисова.

Іріктеудің төрт кезеңі көзделген, біріншісі - www.skcu.kz/zhasorken  сайтына өтінім беру, ол 2017 жылғы 1 шілдеге дейін созылады. Байқау Қазақстанның барлық ЖОО-лары, барлық мамандықты қамтиды.

Отандық ЖОО-лар жиырма үздік түлегіне қор «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінде, Мәскеудегі Deloitte білім беру орталығында оқуды ұсынады. Одан әрі жас мамандар елдің жетекші ұлттық компанияларынан тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Қорда хабарлағандай, оқыту бағдарламасының ұзақтығы 5 апта, тағылымдама - 20 ай («Самұрық-Қазына» компания тобының төрт түрлі кәсіпорындарында 5 айдан). Барлық кезеңде тағылымдамадан өтушілерге стипендия, тағылымдамадан өту орнына ақы төленеді, тұратын орнының шығысы өтеледі.

«Жобаның басты ерекшелігі - бұл студенттерге мансап жолында көмек беріп қоймайды. Осы жастарды таңдап, екі жыл ішінде оқытып, олардың мансабында өсуін қадағалаймыз, олар  барлық уақытта дамуы тиіс. Нәтижесінде, 15-20 жылдан соң компанияны басқаратын топ-менеджерлерге айналады», - деді ол.

Өз кезегінде, қор департаменті дәстүрлі салаларды цифрлау бойынша жоба әзірлеуде. «Қазір біз «Самұрық-Энерго» нысандарының бірінде пилоттық жобаны пысықтап жатырмыз. Оған «Өнеркәсіп 4.0» енгізіп, осы нысанның тиімділігін арттырғымыз келеді», - деп атап өтті Бастама іздеу департаментінің директоры Жанболат Кәкішев.

Қорға жаңа кадрлық саясат трансформация бағдарламасы аясында енгізілді. Нәтижесінде қордың кадрлық құрамы 40 пайызға жаңартылды.

Соңғы жаңалықтар