2017 жылы Астанада жалпы ауданы 125 га екі демалыс аймағы ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, елордада «Жасыл белдеу» аумағында жалпы ауданы 125 га құрайтын екі «рекреациялық аймақ» құрудың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.
None
None

Жалпы ауданы 100 га «Солтүстік тізбек» учаскесінде ат спорты кешенін ескере келе, демалыс аймағын құру көзделген. Бұл аймақта жылдың төрт мезгіліне арналған спорттық, ойын-сауық кешендерін ескере келе, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған белсенді демаалыс қарастырылған.

Екінші аймақ «Жасыл белдеу» аумағында «Үркер» тұрғын алабына қарсы орналасады. Онда қазіргі веложолдарды пайдалана отырып, ауданы 25 га белсенді демалыс аймағын құру жоспарлаанған.

2015 жылы «Жасыл белдеу» аумағындағы рекреациялық аймаақтар құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленеді, аталған жобалар жеке инвестициялар тарту арқылы 2017 жылға дейін жүзеге асырылады.

Аталған демалыс аймақтарының ерекшелігі қала ішінде экологиялық таза «Жасыл белдеу» аумағында ағаштың арасында орналасатыны.

Рекреациялық аймақтарды жеке инвестициялық қаржының есебінен ашу оларды күту және пайдалану аясында бюджет шығындарының орнын толтыруға мүмкіндік береді, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Соңғы жаңалықтар