2017 жылы қандай смартфон ең көп сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple iPhone 7 әлемде ең көп сатылған смартфон болып танылды, деп хабарлайды БЕЛТА IHS Markit сарапшыларына сілтеме жасап.
2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша, Apple iPhone 7 ең көп сатылған смартфон болды. Одан кейінгі орынды iPhone 7 Plus алса, үштікті Galaxy Grand Prime Plus маркалы смартфон түйіндейді.
Алайда сарапшылар «Айфонның» алтыншы нұсқасына қарағанда сату көлемінің төмен екендігін айтып отыр. Сондай-ақ, олар әлемдік нарықтағы Apple үлесі екі жыл қатарынан қысқарғандығын хабарлады. Мəселен, Айфон 2015 жылы смартфондар нарығының 10% пайызын ғана иемденіп келсе, бұл көрсеткіш жыл өткеннен кейін 7%-ке, ал қазір 5% түсіп кеткен.