2017 жылы Қазақстан нарығы отандық жанармаймен толық қамтамасыз етіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қазақстан нарығы отандық жанармаймен толық қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.
Оның атап өтуінше, мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаты еліміздің ішкі нарығын ашық түсті мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етуге қауқары жетпейді. Зауыттар жүз пайызға жұмыс істегеннің өзінде республикадағы жанармай тапшылығы 30-40 пайызды құрап отыр. Ал ішкі нарықта жанармаймен қамтамасыз ету үшін ең біріншіден көрші Ресейден және басқа да елдерден экспорттауға мәжбүрміз.
«Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары 2016 жылы аяқталуы тиіс. Ал 2017 жылдан бастап біз өзіндік өндіріс есебінен ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен қамтамасыз ететін боламыз», - деді Ұ.Қарабалин.
Сонымен қатар ол өз сөзінде ҚР Энергетика министрлігі өңірлер шегінде мұнай өнімдерінің жеткізілуіне күнделікті мониторинг жүргізіп отырғанын баса айтты.