2017 жылы Қазақстанда Шинкиокушинкай каратэден әлем чемпионаты өтеді

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қазақстанда Шинкиокушинкай каратэден әлем чемпионаты өтеді.

2017 жылы Қазақстанда Шинкиокушинкай каратэден әлем чемпионаты өтеді

Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне Республикалық шинкиокушинкай каратэ федерациясының вице-президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайыртай Сарманов мәлім етті.

«Біз кезекке 2005 жылы тұрған едік және Дүниежүзілік шинкиокушинкай каратэ федерациясы Қазақстанға әлем чемпионатын өткізуге рұқсат берді. Бұл беделді әлем чемпионаты 4 жылда бір рет өтеді. Оны шын мәнінде каратэден Олимпиада ойындары деп атайды», - дейді Қ.Сарманов.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Қазақстан құрама командасы Литвада өткен Әлем кубогында тамаша өнер көрсеткен болатын. Бұл айтулы додаға әлемнің 85 елінің мықты командалары қатысқан еді. Осы байрақты бәсекеде еліміздің намысын қорғаған спортшылар 1 алтын, 1 күміс еншілеген. Ал жалпы командалық есепте Жапония мен Литваны алға жіберген Қазақстан құрамасы үшінші орынға тұрақтаған-ды.