2017 жылы Қытай мұнай импорты бойынша АҚШ-тан асып түсуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Экономикалық даму министрлігінің 2017-2019 жылдарға арналған болжамына сәйкес, Қытай 2017 жылы мұнай импортының көлемі бойынша АҚШ-тан асып түсуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресей жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап.
Қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында Қытайда шикі мұнай импорты өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14% артты. ҚХР бас кедендік басқармасының мәліметтері мұны растап отыр. Оған сәйкес, Қытай ағымдағы жылдың басынан 283,51 млн. тонна, ал 2015 жылдың осы кезеңінде 248,62 млн. тонна шикі мұнай импорттаған.
Қыркүйек айында Ресей, Ангола мен Ирак Қытайға мұнай жеткізушілердің ішінде үздік үштікке енгені айтылды. Осыған дейін Экономикалық даму министрлігі Қытай ІЖӨ өсімінің бәсеңдуі қаржы жүйелері үшін қауіпті екендігін атап өткен болатын.