2017 жылы мал шаруашылығына арналған субсидиялар қысқаруы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдан бастап мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға арналған субсидияларды қысқарту көзделуде. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Алматы облысы аграриилерімен болып өткен есептік кездесуде мәлім етті.
None
None

«Босатылған қаражат инвестициялық субсидиялар, бизнес қауымдастықтардың ғылыми ұйымдар қызметіне арналған шығындарын субсидиялау, ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу сияқты неғұрлым тиімді субсидия түрлеріне, сондай-ақ, фитосанитариялық және ветеринариялық қызметтерді күшейтуге бағытталатын болады», - деді ведомство басшысы.
Бұдан басқа, А.Мырзахметов реформалау шеңберінде бизнес қауымдастықтардың ғылыми ұйымдар қызметін қоса қаржыландыруы шартымен аграрлық ғылымды мемлекеттік қолдауға өте отырып, ғылымды толық тікелей қаржыландыруды тоқтатудың көзделіп жатқанын жеткізді.
«Бұл аграрлық ғылым мен агробизнестің ықпалдасу деңгейін, сондай-ақ аграрлық ғылымның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр.
Осы қатарда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді карантиндік және фитосанитариялық іс-шараларды өздігінен және уақытылы жүргізуге ынталандыруға өте отырып, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы күресті қаржыландыру тәсілдемелерін өзгертудің көзделіп жатқаны да сөз болды.
Министрдің айтуынша, аталған қолайлы фитосанитарлық жағдайды қамтамасыз ету карантиндік объектілердің, зиянды және аса қауіпті ағзалардың жаппай таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар