2017 жылы отандық интернет БАҚ-тың мобильдік нұсқалары іске қосылады

«Министрлік «Қазконтент» АҚ-мен бірлесе отырып, 2016-2020 жылдарға отандық БАҚ-тар мен олрдың интернет-ресурстарын модернизациялау жоспарын жүзеге асыруда. «Қазконтенттің» әрбір интернет-жобасы жаңа форматта жұмыс істеуде. Қазан айында e-history.kz сайты бірегей тарихи контентімен және жаңа интерактивті мүмкіндіктерімен ауқымды «National Digital History» порталына өзгерді. Сайттың жаңа дизайны, логотипі даярланып, жаңалықтарды беру бағыты айтарлықтай жақсарды»,-деді Д. Абаев.
«Әдебиет порталы» бағытында тиісті шаралар атқарылып жатқанына тоқталған министр, оның мобильдік қосымшасын іске қосу ескеріліп отырғандығын, оның көмегімен шығармаларды оқу мен кітаптарды тыңдау қолайлы болатынын атап өтті. Порталда әдеби байқаулар, жас жазушылармен, ақындармен кездесулер ұйымдастырылып, әдеби кештер өткізілетінін жеткізді.