2017 жылы Сауд Арабиясының энергетика министрі ОПЕК президенті болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид аль-Фалих ОПЕК-тің келесі президенті болады. Бұл туралы ұйының қазіргі басшысы Катар энергетика және өнеркәсіп министрі Мохаммед Бен Салех ас-Сада мәлімдеді.

2017 жылы Сауд Арабиясының энергетика министрі ОПЕК президенті болады

«Басшы Сауд Арабиясының министрі болады»,-деп жауап берді ас-Сада осы мәселеге орай қойған журналистердің сауалына.

Бұдан бұрын ОПЕК елдері  2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мұнай өндіруді  қысқарту жөнінде шешіп қабылдағандығы хабарланған болатын.