2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу толықтай өзгереді - Д.Назарбаева

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу өзгереді. Бұл туралы бүгін Қазақстан білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мәлім етті.

2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу толықтай өзгереді - Д.Назарбаева

«Ұлттық бірыңғай тестілеу өзгереді. Биыл ҰБТ жаңа форматта өтті. Тиісті балл жинай алмаған оқушылар үшін қайтадан тест тапсыру және жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі қарастырылды. Келер жылда біз ҰБТ-ны толық өзгертеміз. 2017 жылы ҰБТ-ны электронды тестілеу жүйесіне өткізетін боламыз», - деді Д.Назарбаева.