2017 жылы жеке тұрғын үй құрылысына 40 мың жер телімі беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек биыл Қазақстанда жеке тұрғын үй құрылысына қанша жер учаскесі берілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жалпы, «Нұрлы жер бағдарламасын жүзеге асыруға152 млрд. теңге бөлінетініне тоқталған министр, оның ішінде басым бөлігі инженерлік инфрақұрылымды тартуға арналғанын атап өтті. Осы мақсатқа 86 млрд. теңге ескеріліп отырған көрінеді.
«Осының аясында ағымдағы жылы жеке тұрғын үй құрылысына 40 мыңға жуық жер телемін беру жоспарланып отыр»,-деп нақтылады Ж. Қасымбек.
Айта кетейік, жалпы отырыс барысында депутаттар тарапынан жеке тұрғын салуға 10 сотық көлемінде азаматтарға жер телімін бөлу мәселесі көтерілген болатын. Себебі, депуттардың өңірлерге сапары барысында тұрғындар тарапынан аталған тақырып жиі айтылған.