2018 жылдың 1-тоқсанында Байқоңырдан екі зымыран ұшырылады

Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) бағдарламасы бойынша 2018 жылдың алғашқы тоқсанында Байқоңырдан екі зымыран ұшыру жоспарланып отыр.
11 ақпан күні «Прогресс МС-08» көлік-жүк ғарыш кемесіне старт беріледі. 15 наурызда Байқоңырдан «Союз МС-08» басқарылатын көлік кемесі кезекті экспедицияны алып, ХҒС орбитасына шығады.
Бұдан тыс, «Роскосмос» Федералдық ғарыш бағдарламасына, коммерциялық бағдарламаларға сәйкес, 2018 жылғы қаңтар-наурыз айларында басқа ғарыш айлақтарынан тағы да екі зымыран ұшыруды жоспарлаған.
Ұшуы кейінге қалдырылған «Союз-2.1а» тасығыш зымыраны «Канопус-В» №3 және №4 аппараттарын алып, Восточный ғарыш айлағынан 1 ақпан күні ұшады.
1 наурызда Гвиана ғарыш орталығынан O3b F4 ғарыш аппараты тиелген «Союз СТ-Б» тасығыш зымыранына старт берілуі тиіс.