2018 жылдың соңына қарай Brent мұнайы 80 долларға жетуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Альпари сараптамалық департаментінің директоры Александр Разуваев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында 2018 жылдың соңына қарай мұнай бағасы 80 долларға жетуі мүмкін деген болжамымен бөлісті.
None
None

«Күлкіге қалғың келсе, мұнайдың бағасына болжам жаса» деген сөз бар. Дегенмен, қазіргі уақытта мұнайдың бағасын белгілеудегі ахуалға қарағанда, ол төмендегеннен гөрі жоғарылайтын сияқты. Бұл ретте Сауд Арабиясындағы жағдай, ОПЕК+ келісімінің ұзартылуының күтілуі де ең басты фактор бола алмайды. Бастысы - мұнайдың төмен бағасы кезінде инвестициялық бағдарламалардың күрт қысқаруынан туындаған ұсыныстардың тапшы болуы. Біз ағымдағы жылдың соңында Brent маркілі мұнайдың баррелі 60-65 доллар, ал 2018 жылдың соңында 70-80 долларға барады деп болжап отырмыз», - Александр Разуваев.

Сонымен қатар сарапшы ағымдағы жылдың күзінде байқалған мұнай бағасының өсуіне қарамастан теңге бағамының әлсіреуіне қатысты құбылысқа да түсінік беруге тырысты.

«АҚШ Федералды резервтік жүйесінің ставкасы көтеріліп, балансының қысқаруы аясында дамушы нарықтардың барлығының валютасы қысымға тап болады. 2017 жылдың қорытындысында пайыздық ставка жылдық мәнде 1,25-1,50 пайыз диапазонына дейін жетуі мүмкін. 2018 жылы Федералды резерв жүйесі ставканы үшке арттырудың қазіргі жоспарын ұстануын жалғастыра беретін сияқты. Естеріңізге сала кетсем, теңгенің әлсіз болуы экспорттаушылар мен бюджетке тиімді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар