2018 жылға қарай Қазақстанда АХАТ-тың толықтай электронды мұрағатын қалыптастыру жоспарланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылға қарай Қазақстанда АХАТ-тың толықтай электронды мұрағатын қалыптастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінен хабарланды.

2018 жылға қарай Қазақстанда АХАТ-тың толықтай электронды мұрағатын қалыптастыру жоспарланды

«Электронды мұрағатты құру құжаттарды алу үдерісін түбегейлі өзгертіп, адамдардың уақыты мен қаржысын үнемдейді, сондай-ақ жалпы халыққа ұсынылатын қызметтердің сапасын арттырады»,-дейді министрлік мамандары.
Бүгінде АХАТ желісі бойынша осы бағыттағы жұмыстар бірқатар өңірде аяқталған көрінеді. Атап айтқанда, электронды мұрағат жүйесі Астана мен Алматы қалаларында, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы әділет департаменттерінде жүзеге асырылды.