2018 жылға қарай Қазақстанда халықтың 95 пайызы сандық эфирлік хабар таратумен қамтылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық рейтингінде Қазақстан ұялы байланыс абоненттері саны бойынша жан басына шаққанда 7-ші орында. Бұл туралы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты шарада ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті.

2018 жылға қарай Қазақстанда халықтың 95 пайызы сандық эфирлік хабар таратумен қамтылады

«Соңғы жылдары телекоммуникация мен пошта байланысы нарығы қарқынды дамып келе жатыр. Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық рейтингінде Қазақстан ұялы байланыс абоненттері саны бойынша жан басына шаққанда 7-орында»,-деді министр.

Сонымен қатар Д. Абаев кең жолақты Интернетке қолжетімділік тұрғысында Қазақстан 58-орында екенін, ал Интернетке мобильді қолжетімділік бағытында абоненттер саны бойынша 44-орында тұрғанын жеткізді.

«Бүгінде қазақстандықтардың 70 пайызынан астамы Интернет желісінде пайдаланушы болып табылады. Ауылдық жерлерді мобильді байланыспен қамту жоспарлы түрде кеңейіп келеді. Халықты сандық эфирлік хабар таратумен қамту 77 пайызды құрады, дегенмен де бұл көрсеткішті 2018 жылға қарай 95 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз»,-деді министр.