2018 жылғы әлем чемпионатының финалы «Лужники» стадионында өтеді
АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - ФИФА басшылығы 2018 жылы Ресейде болатын Әлем біріншілігінің ашылу және финалдық ойынды өткізуге «Лужники» алаңы лайық деп таныды. Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталы хабарлайды.
Оған қоса, ФИФА басшылары «Лужники» және Санкт-Петербордағы алаңдарда жартылай финалдық ойындарды өткізуге өз рұқсаттарын берді.