2018 жылғы Азия ойындарына 30 елдің боксшылары қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтетін XVIII Азия ойындары бокс додасының басталуына 55 күн қалды. 22 тамыз күні Джакартаға құрлықтың 30-дан астам елінің боксшылары жиналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азия Бокс конфедерациясына сілтеме жасап. 
None
None

Осы спорт түрінен Азия ойындарындағы жүлде саны бойынша жалпы 111 медаль жинаған Оңтүстік Корея көш бастап тұр.

«Қазақстандық боксшылар алтын медаль саны бойынша құрлық біріншіліктерінің үздік үштігіне кіреді. Осы орайда айта кеткен жөн, Қазақстан Азия ойындарына 1994 жылдан бастап қана қатыса бастады. Қазақстандық боксшылар үшін 2014 жылғы Азиада табысты болды. Сол жылы Қазақстанның ерлер құрамасы 6 алтын медальды жеңіп алған еді. Әйелдер боксы Азия ойындарының бағдарламасына 2010 жылы енгізілді. Онда үш салмақ категориясы бойынша да қытайлықтар үздік болды. Ал 2014 жылғы ойындарда екі салмақ санатында Қытай спортшылары чемпион болса, тағы бір салмақта Оңтүстік Корея өкілі жеңімпаз атанды», - дейді Азия Бокс конфедерациясының атқарушы директоры Бағдәулет Төреханов.

Бокс додасы 22 тамыздан 1 қыркүйекке дейін өтеді. Ал жалпы Азия ойындары Джакарта және Палембанг қалаларында 18 тамыздан 2 қыркүйекке дейін жалғасады.
null

Соңғы жаңалықтар