2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан Румыния мен Дания құрамаларымен ойнайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жеребе тартылды. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы "Е" тобында Румыния, Дания, Польша, Армения және Черногория құрамаларымен әлем чемпионаты жолдамасына таласатын болады.

2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан Румыния мен Дания құрамаларымен ойнайды

Жеребе қорытындысы:

"А" тобы - Люксембург, Беларусь, Болгария, Швеция, Франция, Нидерланд;

"В" тобы - Фарер аралдары, Латвия, Андорра, Венгрия, Швейцария, Португалия;

"С" тобы - Сан-Марино, Әзірбайжан, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Чехия, Германия;

"D" тобы - Грузия, Молдова, Ирландия, Сербия, Австрия, Уэльс;

"Е" тобы - Қазақстан, Армения, Черногория, Польша, Дания, Румыния;

"F" тобы - Мальта, Литва, Словения, Шотландия, Словакия, Англия;

"G" тобы - Лихтштейн, Македония, Израиль, Албания, Италия, Испания;

"Н" тобы - Кипр, Эстония, Грекия, Босния және Герцеговина, Бельгия;

"І" тобы - Финляндия, Түркия, Украина, Исландия, Хорватия.