2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің төрағасы отставкаға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстіккореялық Пхенчханда Олимпиадалық ойындарды ұйымдастыру комитетінің төрағасы Чхо Ян Хо отставкаға кетті, деп хабарлады сейсенбіде Associated Press агенттігі.
Мәдениет, спорт және туризм министрлігінің өкілі Чхоның отставкасын растады.
Басшы компанияның қаржылық проблемаларын шешу қажеттілігінен кетті. Ол сонымен қатар алдағы олимпиаданың демеушілерінің бірі, елдің Korean Air жетекші авиатасымалдағышы "Ханджин" компаниялар тобы директорлар кеңесінің өкілі.
"Ханджин" компаниясының қарызы көп болғандықтан, проблемалар туындауда.
Чхо 2014 жылы шілдеде 2018-Ойындардың ұйымдастыру комитетінің төрағасы болған.