16:06, 07 Ақпан 2019 | GMT +5
2018 жылы Атырау облысында сыртқы сауда айналымы 30 млрд доллардан асты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 2018 жылы Атырау облысында сыртқы сауда айналымы 30 млрд АҚШ долларынан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тауар айналымының жалпы көлемінде экспорттың салыстырмалы салмағы 92 пайызды құраған - бұл 27,5 млрд АҚШ доллары. Ал импорт көлемі 8 пайызды - 2,5 млрд АҚШ долларын құрады.
«Импорт құрылымында ең көп үлес «Жабдықтар мен механизмдер» - 59,3 пайыз, «Қара металдан жасалған бұйымдар» - 17,7 пайыз, «Химия өнеркәсібі өнімдерінде» - 6,3 пайыз болған. Кеденшілер 43 мыңға жуық декларацияны ресімдеген, бұл өткен жылдың осындай көрсеткіштерімен салыстырғанда 18,4 пайызға көп. Соның ішінде импорт бойынша 36,7 мыңнан астам, ал экспорт бойынша - 6 мыңға жуық декларация ресімделген», - деп хабарлады Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау басқармасынан.