2018 жылы банктердің капиталдануына талаптар күшейтіледі - Қ.Келімбетов

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы банктердің капиталдануына қойылатын талаптар жоғарылайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

2018 жылы банктердің капиталдануына талаптар күшейтіледі - Қ.Келімбетов

«Соңғы қаржы дағдарысынан кейін әлемдік манетарлық билік банктік жүйенің тәуекелдері мен тұрақтылығына қатысты қадамдарды қайта қарастырды. Оның ішінде банктің қадағалау бойынша Базель комитеті орталық ұйымы «Базель-3» атауымен кешенді шаралардың топтамасын ұсынды. Бұнда капиталға, ликвидтікке, контрциклділік жағдайында банктер жұмысы мәселесі тұрғысында белгілі бір өзгертулер мен талаптар қарастырылған», - деді ол.

Қ.Келімбетовтың сөзіне қарағанда, Қазақстанда 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап банктер «Базель-3» талаптарына көшуді бастайды.

«Алғашқы үш жылда банктер үшін талаптар өзгермейді, алайда 2018-2019 жылдардан бастап жоғары талаптар жасалады. Біздің жоспарға қарағанда, 2019 жылғы 1 қаңтарға қарай банктер осы үдеріске дайын болады және біз Қазақстанда «Базель-3» енгізілді деп толық айта аламыз», - деді Ұлттық банк басшысы.

Сонымен қатар ол осы тектес талаптар сақтандыру ұйымдарына да қатысты болатынын атап өтті.

«Жалпы банктердің капиталдандыруға талаптар арта түседі. Оның ішінде жеке капиталды капиталдандыруға да талаптарды арттыруға мән беріледі», - деді ол.