2018 жылы болған дүлей апаттар мыңдаған адамның өмірін қиып кетті
Бұл ретте жер сілкінісі, су тасқыны және муссон жаңбырларынан болған көшкін салдарынан жұмған адамдардың саны көп.
Жүздеген адам қатты дауыл, орман өрттері және жанартау атқылауы салдарынан қаза тапты.
28 қыркүйекте Индонезияның Сулавеси аралында қуатты жер сілкінісі болды. Зілзаладан және одан кейін болған цунамиден 2256 адам ажал құшты.
Бұдан басқа, 2018 жылдың жазында Үндістан елінде муссон жаңбырларының соң болған су тасқыны мен көшкін салдарынан 860-тан астам көз жұмды.
Шілдеде Жапониядағы су тасқыны мен көшкін 222 адамның өмірін қиып кетті.
Маусымның 3-інде Гватемалада Фуэго жанартауы атқылап, 194 адам қаза тапты, тағы 234 адам із-түссіз жоғалған.
23 шілдеде Афины маңында болған орман өрті елді мекендерге тарап, салдарынан 99 адам қаза тауып, 187 адам жарақат алды. Бұдан басқа жүздеген үйлер мен көліктер өртеніп кеткен.
АҚШ-тың Калифорния штатындағы оңтүстік және солтүстік аймақтарында болған орман өртінен 88 адам көз жұмды.