2018 жылы Бұқар жыраудың 350 жылдығы мен Құрманғазының 200 жылдық мерейтойы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Бұқар жыраудың 350 жылдығы, Құрманғазының 200 жылдығы, Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы, генерал Панфиловтың 125 жылдығы, Қасым Қайсеновтың 100 жылдығы секілді мерейлік күндер аталып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлім етті.

«Келе жатқан 2018 жылы Бұқар жыраудың 350 жылдығы, Құрманғазының 200 жылдығы, Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы, генерал Панфиловтың 125 жылдығы, Қасым Қайсеновтың 100 жылдығы секілді елге еңбегі сіңген бірнеше тұлғалардың мерейлі жылдарын атап өтеміз», - деді Мемлекеттік хатшы ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында.

null 

Сонымен бірге, Г.Әбдіқалықова келер жылдың басты мерейтойы - Астананың 20 жылдығы екенін еске салды және Астананың 20 жылдық мерейтойын өткізуге қатысты Ассамблеяның арнайы шараларының жоспарын құруды тапсырды.

«Астана - Тәуелсіз Қазақстанның символы, ел Президентінің жүзеге асқан идеясы және барша халқымыздың еңбегінің нәтижесі. Қазақстан халқы Ассамблеясының әрбір мүшесі Астананың мерейтойына белсенді қатысып, лайықты үлестерін қосуы қажет», - деп өз сөзін түйіндеді Гүлшара Әбдіқалықова

null 

Айта кетейік, Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында Мемлекет басшысының ҚХА-ның XXV сессиясында және ҚР Парламентінің 6-шақырылымдағы 3-сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын орындау барысы, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және басқа да ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

null 

Соңғы жаңалықтар