2018 жылы Қазақстанда аграрлық ғылымды дамытуға қанша қаржы бөлінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Келер жылы еліміздің аграрлық сала ғылымын дамытуға 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Келесі жылы аграрлық ғылымды дамытуға  21 басымдығы бар бағыт бойынша 4,2 млрд теңге бөлу жоспарланған.  Ол басталған, ұзақ жылдардан бері жүргізіліп келе жатқан зерттеулерді жалғастыруға, сонымен қатар жаңа ғылыми әзірлемелерді қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте аталған технологияларды енгізуге айрықша мән берілетін болады», - деді ол.

Вице-министрдің пайымынша, аграрлық ғылымды бизнестің қызығушылығын тудыратындай деңгейге жеткізуіміз керек.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын Мемлекет басшысы қабылдаған Ұлттық аграрлық-ғылыми орталық құру шешімі ғылым, білім және аграрлық бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз етеуге бағытталған болатын. Яғни,  бизнес жаңа инновациялық технологияларды белсенді түрде енгізулері қажет. Біздің ғалымдарымыз  фермелермен бірлесіп, оларға аталған технологияларды енгізуге көмектерін берулері керек»,-  деді Гүлмира Исаева.

Айта кетерлігі, баспасөз мәслихатында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде ұсынылған ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа технологияларды еліміздің экономикасына бейімдеу мәселелері қозғалды. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, көрме аясында ұсынылған Ресей, Финляндия, Нидерланды, Беларусь сынды 15 елдің ауыл шаруашылығына арналған 66 жаңа технологиясын таңдап алған.

Соңғы жаңалықтар