2018 жылы Қазақстанда xалықтың ең төменгі күнкөріс деңгейі көтерілетін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Қазақстанда xалықтың ең төменгі күнкөріс деңгейі көтерілетін болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Вице-министр, Елбасының тапсырмасы аясында, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қазақстандықтардың тұтыну шығындарының нақты деңгейін көрсететіндей, ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесі қайта қарастырылатынын айтты. Мұндай өзгеріс  шамамен 3 млн адамға базалық зейнетақы, мүгедектер, асыраушысынан айырылған отбасылар үшін жәрдемақы, атаулы көмек және мүгедек балаларды күтушілердің жәрдемақы мөлшерін өсіруді қамтамасыз етпек. Бұл мақсатқа бюджеттен қосымша 63 миллиард теңге бөлу көзделген.

"Қазақстандық тамақтану академиясын тарту арқылы министрлік өз зерттеулерін жүргізді. Негізгі әдістемелер анықталды. Тиісінше, статистикалық мәліметтер талданды. Біздің елде ең төменгі күнкөріс деңгейі нормативтік-статистикалық әдістеме арқылы анықталады. Егер қазір оның деңгейі 24459 теңге болса, келесі жылы ол 16 процентке артып, шамамен 28 мың теңгеге дейін жетеді. Оған еліміздің бюджетінен 63 млрд теңге қарастырылған", - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар