2018 жылы қолданыстағы электромобильдердің саны артады

АСТАНА. ҚазАқпарат -2018 жылдың аяғына қарай қолданыстағы электромобильдердің саны 5 миллионға жетеді, деп хабарлайды Hightech .
None
None

Бұл болжамды Швецияның EV-Volumes компаниясы жасады.

Билік шаралары мен автоөндірушілердің арасындағы бәсекелес көліктің осы түріне деген қызығушылықты арттырады. Атап айтқанда, ірі брендтер Nissan Leaf немесе Jaguar iPace сияқты элекромобильдердің мейлінше жетілдірілген модельдерін ұсынады, сондай-ақ АҚШ тұрғындары өздерінің бұрын тапсырыс берген Tesla Model 3 көліктеріне қол жеткізеді.

Электромобилдерді пайдаланудың ең ірі нарығы Қытай болып қалып отыр. Мәселен, Қытай нарығына көз тігіп отырған алпауыттардың бірі Toyota 2020 жылға қарай 10 жаңа модель шығаруға уәде берген. Ал 2030 жылға қарай электрмен жүретін машиналар сатылымын миллионға жеткізбек.

Volkswagen осы көрсеткішке 2025 жылы қол жеткізетініне сенімді. Өз кезегінде BMW 2025 жылға 12 жаңа модель ұсынып, Toyota-ны артта қалдыруды көздейді.

Ағымдағы жылы 1 млн электромобиль сатылған, бұл жалпы автомобиль нарығының 1,25%-ын құрайды.

Соңғы жаңалықтар