2018 жылы мобильдік байланыс тарифтері қандай болмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұялы байланыс тарифтеріндегі өзгерістер оған кететін шығын көлемін белгілейді. Телекоммуникациялар саласы сарапшылары биыл қазақстандықтарды қандай өзгеріс күтіп тұрғанын айтты.
Тариф жоспарларындағы мобильдік интернеттің лимиті ұлғаяды.
Смартфондардың кеңінен таралуы интернетке деген сұраныстың артуына әкелді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, еліміздегі мобильдік байланыс операторлары абоненттерінің 83%-ы интернетке смартфон арқылы кіреді. 2016 жылы көптеген абоненттер айына 5 Гб алған болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 6 Гб-қа жетті. Бұған операторлардың желінің соңғы желісін ұсынуы көмектесті. Мәселен, 2017 жылы Altel 4G+ желісін енгізді, ал басқа операторлар 4G желісін дамытуда.
2018 жылы бұл үрдіс жалғасады, смартфондар бұрынғыдан да қуатты әрі жылдам жұмыс істей бастайды. Байланыс операторлары осының арқасында ұсынылатын мобильдік интернет көлемін ұлғайтып жатыр.
Жекелеген шектеусіз сервистер пайда болады.
Сарпашылардың пікірінше, шектеусіз интернеттің оралуын күтпеген дұрыс. Өйткені ол желінің жүктемесіне артық салмақ түсіреді. Бірақ жекелеген сервистерге шектеусіз қолжетімділіктің пайжа болуы әбден мүмкін. Биыл шектеусіз қолжетімділікті ұсынған алғашқы оператор Tele2 болды. 25 қаңтарда теле «Кәдімгідей», «Қосыл», «Толығымен қосыл» WhatsApp, Facebook, Instagram, VK әлеуметтік желілерін іске қосып, шектеусіз қолжетімділікті қоса ұсынды. Дегенмен оператор тарифтердің бағасын бұрынғысынша - аптасына 440 теңгеден, айына 2 590 теңгеден басталатындай етіп қалдырды.
Ондай тарифтік жоспарлардың артықшылығы абоненттер үшін интернет-трафиктің үнемделуі болмақ.
Тарифтік жоспар лимитінің ұлғаюына байланысты баға да артады.
Былтырғы желтоқсанда 4Service компаниясы жүргізген зерттеу қазақстандықтардың көпшілігі байланыс үшін айына орташа 1 мың теңгеден 2 мың теңгеге дейін ақша шығындайтынын көрсетті. Ал Қазақстан әлемдегі мобильдік байланыс тарифтері ең арзан елдердің бірі болып қалуда. Бұл байланыс операторларына айтарлықтай қиындықтар туындатады. Өйткені абонент сапалы қызмет пен жылдам интернет, мұнымен қоса 4G желісін талап етеді, бірақ трафиктің монетизациясы төмен күйінде қалып отыр. Мобильдік интернет пен сөйлесу минуттарын қоса есептесек, 2016 жылғы баға 2017 жылы өзгеріссіз қалғанын көреміз. Сонымен бірге тарифтік пакеттердегі қызметтер көлемі үлкейгендіктен, абоненттік төлемдер мөлшері де артқан.
Мобильдік интернетті пайдалану көлемі қарқынмен өсіп келе жатқанын ескерсек, осыған байланысты биыл тарифтердің де өсуін күтуге болады.