2018 жылы өтетін жасөспірімдердің ІІІ олимпиадасына үміткер қалалар анықталды
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - ХОК 2010 жылы Сингапурде тұңғыш рет жасөспірімдер арасындағы жазғы олимпиада ойындарын ұйымдастырғаны белгілі.
Енді ІІ жасөспірімдердің жазғы олимпиада ойындары Қытайдың Нанкин қаласында өтеді.
Ал 11 қаңтар күні ХОК 2018 жылы өтетін жасөспірімдердің ІІІ олимпиадасына үміткер қалалардың тізімін жариялады. Олар: Буйнэс Айрес (Аргентина), Глазго (Ұлыбритания), Гвадалахара (Мексика), Меделлин (Колумбия) және Роттердам (Голландия), деп хабарлайды "Аламан" агенттігі.