2018 жылы Транскаспий халықаралық бағдарымен 1,3 млн тонна жүк тасымалданады

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Жыл аяғына дейін Транскаспий халықаралық көлік бағдарымен 1,3 миллион тонна жүк тасымалдау жоспарланып отыр, деп мәлім етті «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев.

2018 жылы Транскаспий халықаралық бағдарымен 1,3 млн тонна жүк тасымалданады

«Биылғы жылы ТХКБ аумағында тасымал көлемін  725 мың тоннаға жеткізу жоспарланған болатын. Қазірдің өзінде жүк тасымалы бір миллион тоннаға жетті. Жыл қорытындысы бойынша 1,3 миллион тоннаны жетуі ықтимал». - деді ол сәрсенбіде  Бакуде өткен «Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) халықаралық қауымдастығының» ЗТБ мүшелерінің жалпы жиналысында.

Қ. Алпысбаев жиналғандарды Баку- Тбилиси-Карс теміржол бағдарының ашылуымен құттықтады, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

«Жаңа теміржол бағдарын ашу - бұл тарихи оқиға. Бізге осы бағдардың инфрақұрылымын жақсартып, дәліздің өткізу әлеуетін көтеріп, қосымша жүктер тартуды белсенді жүргізуіміз керек»,-дейді «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» Халықаралық қауымдастығы» ЗТҚ  Бірлестік басқармасының төрағасы «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев.

 «Біз келесі жылы Транскаспий бағдарымен қазақстандық көмір, химиялық, тау-кен өнімдерін тасымалдау, контейнерлік тасымалды дамытуды жоспарлап отырмыз. 2018 жылы ТХКБ бағдарымен 3 миллион тонна жүк тасымалдау жоспарымызда бар».

Келесі жылы ТХКБ бағдарымен мұнай, газ ғана емес, қазақстандық астықты Әзірбайжан, Грузия, Түркияға шығаруды жоспарлап отыр.

ҚТЖ басшысының айтуынша, көпжақты келісілген тасымалдаушылардың ынтымақты қызметі халықаралық бағдардағы тасымалдың осы қарқынмен жалғасын табатын болады. Сондықтан онда бәсекеге сәйкес келетін мөлшерлеме белгілеген жөн.

«Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) халықаралық қауымдастығының» ЗТБ мүшелерінің жалпы жиналысына «Әзірбайжан темір жолы» ЖАҚ төрағасы Д. Гурбанов, «Грузин темір жолы» басшысының орынбасары А. Николашвили, «Түрік темір жолының» Жүк тасымалдау жөніндегі бас директоры В. Курт, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының басшысы А. Түрікпенбаев, «Әзірбайжан Каспий теңізі кеме қозғалысы» ЖАҚ басшысы Р. Велиев, Баку халықаралық теңіз портының директоры Т. Зиядов, Батуми теңіз портының бас директорының орынбасары И. Мұқатов қатысты.

Жалпы жиналыс отырысында Қауымдастықтың 2017 жылы атқарған қызметінің алдын ала қорытындысы қаралды. Сондай-ақ, 2018 жылғы ТХКБ бағдарындағы тарифтік мөлшерлеме бекітілді.

Сонымен қатар Баку- Тбилиси - Карс жаңа теміржол желісіндегі жүк тасымалының тарифтік мөлшерлемесі қаралып, бекітілді. Қауымдастықтың 2018 жылға арналған шараларының жоспары мен бюджеті бекітілді.

Қауымдастықтың жалпы жиналысының шешімімен оның құрамына «Құрық порты» ЖШС (Қазақстан) компаниясы, Lianyungang Port Holdings Group (ҚХР) қауымдастырылған мүшесі болып қабылданды.