2019 жыл: Қазақстан спортшыларының ерекше сәттері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттің сайты 2019 жылғы Қазақстан спортшыларының ерекше фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«2019 жыл Қазақстан спортшылары үшін өте тартысты өтті. Отандық спортшылар жергілікті, әлемдік ірі турнирлерде топ жарып, жанкүйерлерді қуантты. ҰОК командасы сіздерге арнайы жылдың ең маңызды сәттерінен фото жинағын ұсынады», делінген хабарламада.

Наурыз айында «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында Қазақстан спорт тарихында тұңғыш рет фристайл-могулдан әлем кубгінің кезеңі өтті. Кіл мықтылар Алатау тау бөктерінде кездесіп, өзара мықтыны анықтады.

Ал сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден (1 дивизион, А тобы) әлем чемпионаты өтті.

Команданы қолдауға «Барыс-аренаға» еліміздің түкпір-түкпірінен спорт сүйер қауым жиналды. Тіпті, балақайлар да жанкүйерлер арасынан табылды.

2019 жылы су спорт түрлерінен өткен әлем чемпионаты да жанкйүер есінде мәңгі қалмақ.

Дәл осы додада Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдаманы ұтып алды.

Тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында қазақстандық жанкүйерлер дзюдошылар үшін тақым қысты. Себебі, 25 тамыз бен 1 қыркүйек арасында дзюдодан дүниежүзілік біріншілік өтіп, ел құрамасы бір қола жүлдені жеңіп алды. Атап айтқанда, Елдос Сметов қоржынға қола жүлдені салды.

Айта кетерлігі, қола жүлде үшін өткен тартысты белдесуде Елдос Сметов командаласы Ғұсман Қырғызбаевпен кездесті.

Дзюдодан кейін Нұр-Сұлтан қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалауын желбіретті. Бұл жерде қазақстандық спортшылар тек жүлделі орындармен шектелмей, Олимпиада ойындарына да жолдамаға ие болды.

Қарсыласқа деген құрмет – спортшы өмірінде оның тәрбиесінің көрінісі болып саналады. «Кіл мықтыдан, кім мықты» анықталатын тұста тек қана күш емес, ерік-жігер мен қайтпас қайсар рух та сыналады.

Спорттық гимнастикадан #teamKZ қоржыны тағы бір Олимпиада лицензиясымен толықты. Гимнастшы Милад Карими әлем біріншілігінде Қазақстанға бір лицензияны сыйлады.

Жеңістің жарқын сәттері мен жеңілістен өкініш кернеген тұстан көріністер:

Күнделікті жаттығу мен өтелген еңбек

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі





Соңғы жаңалықтар