2019 жылға қарай мұнай өндіру көлемі 96 млн. тоннаға жетеді - Е. Досаев

АСТАНА. ҚазАқпарат -2019 жылға қарай елімізде мұнай өндіру көлемі 96 млн. тоннаға дейін жететін болады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

2019 жылға қарай мұнай өндіру көлемі 96 млн. тоннаға жетеді - Е. Досаев

«Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, мұнай өндіру көлемі 2015 жылы 81,8 млн. тоннаны құрайды. Бұл көрсеткіш 2019 жылға қарай 96 млн. тоннаға дейін жетеді», - дейді министр Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, 2015-2019 жылдары базалық сценарий үшін мұнай бағасының болжамды деңгейі барреліне 90 доллар құрайтын болады.

«Жалпы, жоспарланған өсу параметрлерiне қол жеткізуге жүргізіліп отырған әлеуметтiк-экономикалық саясат ықпал етеді», - дейді министр.