2019 жылы Алматыда балабақшаға қанша төленеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі мектепке дейінгі білім беру орындарындағы оқыту мен тәрбиелеу құнын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл қаулы «Вечерний Алматы» басылымында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, бір баланы балабақшада тәрбиелеу мен оқыту құны айына 27502 теңге болды.
Ата-аналар осы соманың 18500 теңгесін төлеуге міндеттеледі. Білім беру тапсырысы әр аудандағы балабақшаларға орналастырылды.