2019 жылы Астанада джиу-джитсуден халықаралық турнир өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Келер жылы джиу-джитсуден халықаралық турнирдің Астанада өтетіні туралы Швецияда өткен конференция барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Бүгін Мальме (Швеция) қаласында әлемнің 52 мемлекетінен джиу-джитсу қауымдастықтарының қатысуымен халықаралық конференция өтті. Конференцияда Астананы  таныстырып өтіп, келесі Гранд слэмді қаламызда өткізуді ұсындық. Ассамблеяға қатысушылар Астананың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Келер жылы джиу-джитсуден беделді халықаралық турнирге қатысу үшін бізге 60-тан аса мемлекеттен спортшылар келеді", - деп жазды Астана қаласы мəдениет жəне спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов Фейсбуктегі парақшасында. 

Сонымен қатар, Б.Мажағұлов халықаралық джиу-джитсу қауымдастығының мүшелері оны Орталық Азия бойынша вице-президент етіп тағайындағанын да айтып өтті.

Еске салсақ, Азия чемпионатының қола жүлдегері, бразилиялық джиу-джитсуден көк белбеудің иегері Болат Мажағұлов үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығының президенті міндетін атқарады.

 

Соңғы жаңалықтар