2019 жылы субсидияланатын әуе бағыттары бойынша конкурстың қорытындысы шықты
Халықтың әуе тасымалына қажеттілігін ішкі бағыттарда қанағаттандыру үшін елімізде 2002 жылдан бастап әуе бағыттарына субсидия бөлінеді. Субсидиялаудың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының облыс орталықтары арасындағы әуе қатынасын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан аумағында туристік бағыттарды дамыту.
«Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы №69 қаулысымен бекітілгеніндей, субсидияланған әуе бағдарларына арналған конкурс ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жыл сайын субсидияланатын әуе бағыттарына конкурс өткізеді», - делінген комитеттің хабарламасында.
Конкурс комиссиясының шешімі бойынша SCAT әуе компаниясы мынадай субсидияланған әуе бағыттары бойынша жеңімпаз деп танылған:
Қызылорда - Қарағанды - Қызылорда арасында аптасына кемінде екі рет (тариф 18 мың теңге), Өскемен - Қарағанды - Өскемен бағыты (тарифі 20 000 теңге), Шымкент - Петропавл - Шымкент аптасына кемінде 2 рет (тарифі 20 000 теңге), Астана - Үшарал - Астана бағыты бойынша аптасына кемінде 6 рет (тариф 16 000 теңге), Көкшетау-Ақтау-Көкшетау бағыты бойынша аптасына кемінде 2 рет (тариф 20 000 теңге), Көкшетау - Алматы-Көкшетау (18 000 теңге), Петропавл - Астана - Петропавл ағыты бойынша аптасына кемінде 2 (тариф 10 0 00 теңге), Петропавл - Алматы - Петропавл бағыты (20 000 теңге), Талдықорған - Астана - Талдықорған бағыты бойынша аптасына 7 рет (24 500 теңге), Үшарал - Алматы - Үшарал бағыты бойынша бағдарлар (10 000 теңге).
Ал «Оңтүстік аспан» АҚ әуе компаниясы мынадай бағыттар бойынша жеңімпаз атанған:
Алматы - Балқаш - Алматы (бір бағытта 14 000 теңге), Астана - Үржар - Астана (16 000 теңге), Үржар - Алматы - Үржар бағдары бойынша аптасына кемінде 4 рет (14 000 теңге), Астана - Балқаш - Астана бағыты бойынша аптасына кемінде 5 рет (тариф 9000 теңге), Өскемен-Семей-Үржар-Семей-Өскемен бағыты бойынша аптасына кемінде 2 рет (бұл жерде Өскемен-Семей бағыты 4 000 теңге, Өскемен - Үржар бағыты 10 000 теңге, Семей-Үржар бағыты 10 000 теңге, Зайсан-Өскемен аптасына кемінде 2 рет (бір бағытта 8 000 теңге).
Еске сала кетсек, Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның туристік аймақтарына қатынайтын әуе бағыттарын субсидиялауға конкурсты өткен айдың басында жариялаған еді.