2020 жыл қорытындысы бойынша қазақстандық үздік 10 боксшы белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –2020 жыл қорытындысы бойынша қазақстандық үздік боксшылардың «ондығына» кіретіндердің тізімі ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жыл қорытындысы бойынша қазақстандық үздік 10 боксшы белгілі болды

Boxrec.com сайтында үлкен басымдықпен әлі де Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) көш бастап келеді. Ол жетінші раундтан кейін Польша боксшысы Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) тізе бүктіріп, IBF және IBO белбеулерін сәтті қорғап шықты. Қазақстандықтардың арасында екінші орында— Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО). Данияр қараша айында IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта чемпион атанды. Қазақстандық үздік боксшылардың «үштігіне» сондай-ақ Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) кіріп отыр.

BoxRec рейтингі бойынша үздік қазақстандық боксшылардың ондығы:

1. Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) — 373.1

2. Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) — 29.84

3. Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) — 28.17

4. Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) — 16.74

5. Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) — 15.31

6. Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) — 11.57

7. Әли Ахмедов (16-1, 12 КО) — 10.82

8. Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) — 8.485

9. Бобиржан Моминов (12-0, 8 КО) — 8.281

10. Руслан Мадиев (13-1, 5 КО) — 8.078.