2020 жылға дейін Астананың іші мен сыртының 100 мың гектар аумағы жасыл желекке оранады - Н.Назарбаев

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - 2020 жылға дейін қалаішілік және қала маңы аумағының жалпы алғанда 100 мың гектар жері жасыл желекке оранатын болады. Бұл туралы бүгін Астананың 15 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Бізге сәулетшілер ұсынған Астана құрылысы жобасының негізгі идеясы - бұл қаланың симбиозы, темірбетон және адам - жүзеге асырылуда. Біздің қала біртіндеп жасыл желекке оранып келеді», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президетінің атап өтуінше, елорданың жасыл желекке оранған гүлзарының ауданы миллиондаған шаршы метрге жетіп отыр.

«Бұл жұмыстар 2020 жылға дейін жалғасады. Яғни, қалаішілік және қала маңы аумағының жалпы алғанда 100 мың гектар жері жасыл желекке оранатын болады. Мен Астана орманының Бурабай аймағымен қосылып, тұтас орман алқабын құрайтындығына сенімдімін», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар