2020 жылға дейін біз бұқаралық спортқа Қазақстан халқының 30 пайызын тартуымыз керек - ҚР Туризм және спорт министрлігі
СТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - 2020 жылға дейін біз бұқаралық спортқа Қазақстан халқының 30 пайызын тартуымыз керек.
Ол үшін жас буын мен еліміздің барлық халқының белсенділігін арттыруымыз қажет.
Сейсенбі, шілденің 27-сінде Спорт күні қарсаңында журналистермен өткізілген кездесу барысында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт жөніндегі комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов осындай пікір білдірді.
Өзінің қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы бұқаралық спорттың дамуы мен салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызын атап өтті, сондықтан да ол министрлік жұмысының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады, деп атап өтті Е.Қанағатов.
«Біздің алдымызда нақты міндет тұр, ол - 2020 жылға дейін дене тәрбиесі мен спортқа Қазақстан халқының 30 пайызын тарту. Біз қазір 16,4 пайыздық межеге жеттік, қазірдің өзінде біз шамамен бұқаралық спорттың 2020 жылға дейінгі дамуының жоспарын жасап қойдық», - деді Спорт жөніндегі комитеттің басшысы.