2020 жылға дейін Қазақстанда тозған инженерлік желілер 53%-ға дейін азаяды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылға дейін Қазақстанда тозған инженерлік желілердің көлемі 67 пайыздан 53 пайызға дейін азаяды.
None
None

Бұл туралы бүгін Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс істері, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлім етті.

«Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес, барлық қаржы көздерінің арқасында 31 мың шақырымнан астам желіні модернизацияладық. Енді, 2020 жылға дейін, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, 96,6 мың шақырым желіні модернизациялау көзделіп отыр»,-деген комитет төрағасы 2016 жылдың жоспарларына нақты тоқталды.

2016 жылы бюджеттен субсидия төлеу үшін 14,5 млрд теңге қаржы көзделген. Еуропа қайта құру және даму банкімен бірге жалпы сомасы 25,2 млрд теңге болатын 3 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпы, «Нұрлы жол» бағдарламасының негізгі мақсаты - 2020 жылға қарай тозған инженерлік желілердің үлесін 67 пайыздан 53 пайызға дейін азайту»,-деді М.Жайымбетов.

Комитет төрағасы атап өткендей, 2020 жылға дейін сонымен қатар апатты жағдайдағы желілердің көлемін 200 шақырымнан 100 шақырымға дейін азайту жоспарланып отыр екен.

Соңғы жаңалықтар