2020 жылға дейін көлік инфрақұрылымын дамытуға 45 млрд АҚШ доллары салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік инфрақұрылымы мен логистика активтерін дамыту және жетілдіру үшін салынатын инвестицияның жалпы көлемі 2020 жылға дейін 45 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан VII Астана экономикалық форумының аясындағы «Еуразиялық көлік жүйесі жаһандық бәсекелестік жағдайында» атты панельдік сессияда "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Аскар Мамин айтты.
"Көлік инфрақұрылымы мен логистика активтерін дамыту және жетілдіру үшін салынатын инвестицияның жалпы көлемі 2020 жылға дейін 45 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл 2020 қарай бізге Қазақстан территориясынан өтетін транзиттік жүк тасымалын екі есеге дейін арттыруға, ал транзиттен түсетін пайданы үш есеге көбейтуге мүмкіндік туғызады. Бұл мақсаттар орындалып, жаңа логистика жүйесін құра алсақ, 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады", - деді ол.