2020 жылға дейін өзін өзі қамтыған 865 мың адам жұмыспен қамту бағдарламасына қатысатын болады - Еңбек министрі

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов мәлім етті.
Министрдің айтуынша, жалпы алғанда жұмыспен қамту бағдарламасы еліміздің еңбек нарығына жағымды әсер ете бастаған. Нәтижесінде 150 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, еңбекке араласқан әйелдер саны 80 мыңға артқан. Ал өзін өзі жұмыспен қамтығандар саны 52 мың адамға кеміді.
«Ауыл тұрғындарының табысы 6,2 пайызға артты. Жұмыспен қамтуды тиімді іске асыру және жұмыссыздық деңгейін бес пайыз мөлшерінен асырмау мақсатында талдау есептері жасалды. Осы есептің нәтижесінде 2020 дейін республика бойынша 508 мың жұмыс орнының қажеттілігі анықталды. Осы ретте Үкімет басшысы өндіріс саласының басшылары мен облыс әкімдеріне аталмыш жоспарды орындауға тапсырма бергенін айтқым келеді. Бұдан бөлек, өзін өзі жұмыспен қамтып отырған адамдардың бағдарламаға қатысуын жыл сайын отыз пайызға көтеру жоспары бар. Барлығын қосқанда 2020 жылға дейін өзін өзі жұмыспен қамтыған 865 мың адам бағдарламаға қатыспақ», дейді министр С. Әбденов.