2020 жылға дейін республикалық маңызы бар жолдардың 21 390 шақырымына жөндеу жүргізіледі

АЛМАТЫ. 8 сәуір. ҚазАқпарат - 2020 жылға дейін халықаралық 6 көлік дәлізін қайта құру аяқталады. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстанның көліктік инфрақұрылымын 2020 жылға дейінгі дамыту» бағдарламасы жобасының қоғамдық тыңдауында айтылды

2020 жылға дейін республикалық маңызы бар жолдардың 21 390 шақырымына жөндеу жүргізіледі

Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бағдарламаның құрылымы үкіметте мақұлданған. Бағдарлама Қазақстанның көлік инфрақұрылымының бәсекелелестік қабілеті мен транзиттік әлеуетін арттыруды көздейді. Бұл үшін 2020 жылға дейін аудан орталықтарында жаңа 9 автовокзал, 61 автобекет, ауылдарда жолаушыларға қызмет көрсететін 733 пункт, қалаларда 1104 такси тұрағы салынбақ. Сондай-ақ 134 автовокзал мен 138 автобекет стандартқа сәйкестендіріліп, 300 теміржол вокзалына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 14 әуежайда қайта құру аяқталады. Республикалық маңызы бар жолдардың 21 390 шақырымына жөндеу жүргізіледі. Оның 11 390 шақырымы қайта құру жұмыстары.