2020 жылға дейін республикалық жолдардағы ЖЖЕ бұзу фактілерінің және жол апаттарының санын 30%-ға қысқарту көзделуде

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Республикалық автомобиль жолдарындағы жол қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ету үшін Көлік және коммуникация министрлігі бірқатар ұзақ мерзімді және оперативті шаралар қолдануда, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
None
None

Қарсы жолға шығып кетпеуді қамтамасыз ету үшін автожолдардың қозғалыс ағыны жоғары учаскелері жолды бөлетін және бөгеп қалу тосқауылдары бар І техникалық категорияға ауыстырылуда. 2020 жылға дейін республикалық жол торабындағы І техникалық категориялық автожолдар 4,5 мың километрді, ал ІІ техникалық категориялық автожолдар 11,2 мың километрді құрайтын болады. Сөйтіп, 2020 жылға дейін республикалық маңызы бар жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жолдардың жалпы ұзындығы 20 мың км (89 %) құрайтын болады.

Автожолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары құрылыс жобаларында ескерілген. Жол-көлік оқиғалары қатерін азайту мақсатында магистральдік жолдар ірі елді мекендерді айналып өтетіндей етіп салынуда (Тараз, Ақтөбе, Астана, Шымкент, Сарканд қалаларының айналма жолдары).

Жануарлардың және ауыл шаруашылығы техникасының бөгетсіз өтуі үшін жобаларда мал өтпелері мен төтелей жүріп өтетін жолдарды салу ескерілген. Мысалы, «Астана-Щучинск» бағыты бойынша 24 мал өтпелері мен 2 жабайы жануарлар өтпесі салынса, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасымен төрт облыста 157 мал өтпесін салу көзделіп отыр.

Сонымен бірге үйіндінің құлама еңісі тым тік болуынан немесе жүргізушілердің қатты шаршауынан автокөлік құралдарының аударылып қалуын болдырмау мақсатында үйінді құлама еңісін 3 есе азайту арқылы көліктің топырақ төсемінен түсу мүмкіндігі қарастырылған.

Мұнымен қоса, жүргізушілердің назарын ширату мақсатында республика жолдарына жыл сайын 13 мың км жол белгілері салынады, ал жарықты әсерлі шағылту үшін жол белгілеулерінде арнайы шыны түйіршіктер пайдаланылады.

Түптеп келгенде бұл шаралар Жол жүру ережелер бұзушылығын азайтып, 2020 жылға дейін республикалық жолдардағы апаттар санын 30 пайызға азайтуға мүмкіндік береді.

Жедел шараларға келетін болсақ министрлікпен автожолдардағы жол-көлік оқиғалары мен апаттар кезіндегі шұғыл шақырту жүйесін енгізу жөнінде жұмыс жасалуда. Сол арқылы шұғыл жедел қызметтердің жол-көлік оқиғаларына уақтылы құлағдар болу арқасында жол бойындағы өліммен аяқталатын апаттарды 30 пайызға азайту мүмкіндігі ашылады.

Одан басқа қатерлі жүктерді тасымалдау талаптары күшейтілуде. Сонымен бірге автобустардың қозғалыс режімі бұзушылығын болдырмауды және тасымалдау бағыттарын сақтауды қамсыздандыруға мүмкіндік беретін жолаушылар тасымалын электронды диспетчерлендіру енгізілуде.

Бәріне қоса жүйелі түрде жүретін бағыттардағы автобустардың міндетті жаңартылуы жөніндегі нормалар енгізілуде. Сол нормалар автобустардың тозуын 80 пайыздан 45 пайызға дейін төмендетеді.

Сонымен бірге, жедел тәртіпте, полиция және жол мекемелерімен апатты-қатерлі жерлерде сәйкес белгілерді орнату көмегімен қозғалыс режимін шектеу шаралары ұйымдастырылуда. Мысалы, «БЕ-БҚ» автожолындағы Құйық (551 КМ) асуында қайта құрылып жатқан учаскелерде жыпықтау жол белгілері және «көлденең - шу» белгілеулері орнатылуда.

Соңғы жаңалықтар