2020 жылға дейін жол бойында 260 қызмет көрсету бекетін салу жоспарлануда - А. Жұмағалиев

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - 2020 жылға дейін жол бойында 260 қызмет көрсету бекетін салу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Көлік инфрақұрылымының 2020 жылға дейінгі дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны таныстыру кезінде ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

2020 жылға дейін жол бойында 260 қызмет көрсету бекетін салу жоспарлануда - А. Жұмағалиев

«2020 жылға дейін жол бойында 260 қызмет көрсету нысандарын салу жоспарланған. Оның 31 республикалық бюджет есебінен, қалғандары жеке инвестициялар арқылы іске қосылады», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, автокөліктерде жолаушылар тасымалының инфрақұрылымын дамыту үшін аймақтарда 9 автовокзал, 45 автобекет, 150 жолаушыларға қызмет көрсету нысандары, сондай-ақ 1048 такси аялдамалары салынады.