2020 жылға қарай ана мен бала өлімін екі есеге төмендетуіміз керек - Елбасы

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Алдағы онжылдыққа белгілеп отырған мақсаттардың бірі ана мен бала өлімін екі есеге төмендету болып табылады.

2020   жылға қарай   ана мен бала өлімін   екі есеге   төмендетуіміз  керек -    Елбасы

Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде мәлім етті.

«Жалпы өлім-жітімді 30 пайызға азайту, туберкулезбен ауыру көрсеткіштерін 20 пайызға қысқарту қажет. Сонда қазақстандықтардың өмір жастарының ұзақтығы 72 жасқа дейін жетеді деп күтілуде. Осынау құрғақ мәліметтердің сыртында біздің азаматтарымыздың мыңдаған құтқарылған өмірі тұр. Бұл маңызды міндет және біз оған міндетті түрде қол жеткізуіміз керек», деді Президент.

Елбасының айтуынша, аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін денсаулық сақтау нысандарын салу, кадрлар дайындау, салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі шаралар кешені жүзеге асырылатын болады.